Accessibility links

Қырғызстан оппозициясы Ресеймен одақ құру жөніндегі референдумге қол жинауын бастады


Қырғызстан оппозициясының кейбір мүшелері Ресеймен одақ құру жөніндегі референдумге қол жинауын бастады. Бұл бастама туралы Бішкек орталығында өткен жиналыста жарияланды. 200-ге жуық адам қатысқан жиналысқа бұрынғы премьер-министр “Біріккен Майдан” басшысы Фелик Қулов жетекшілік етті. Ресеймен конфедерация құрылса, онда ол Қырғызстанның сәтсіздікке ұшырауына жол бермейді, деді Құлов. Президент жанындағы адам хұқтары бойынша комиссияның басшысы Тұрсынбек Ақұн мен оппозиялық депутат Омурбек Текебаев бұл ұсынысты сынға алды. Текебаевтың айтуынша, Қырғызстан толығымен өз егемендігін сақтап қалуы керек.
XS
SM
MD
LG