Accessibility links

АҚШ Қорғаныс министрі халықаралық лаңкесттіктің қауіпін жою үшін көбірек жұмыс атқаруға шақырды


АҚШ Қорғаныс министрі Азия елдерін халықаралық лаңкесттіктің қауіпін жою үшін көбірек жұмыс атқаруға шақырды. Роберт Гейтстің айтуынша, Ауғанстанның кері қарай былыққа жылжуына жол бермеу керек. Гейтс, сондай-ақ, демократия мен ашық экономикаға қол жеткізу үшін тырысып жатқан Орталық Азия да қауіп төніп тұрған аймақ болып табылады деп мәлімдеді. Бұл жайында АҚШ Қорғаныс министрі халықаралық қауіпсіздік туралы Сингапурда өтіп жатқан жылдық конференцияда айтты.
XS
SM
MD
LG