Accessibility links

Рахат Әлиев Австрия билігінен өзін Қазақстан үкіметіне ұстап бермеуді өтінді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен күйеу баласы Рахат Әлиев Австрия билігіне қайырылып, «мені Қазақстан үкіметіне ұстап бермеңіздер» деп өтінді. Рахат Әлиев Қазақстан тарапының сұрауы бойынша жұма күні Венада қамауға алынды. Рахат Әлиев Қазақстанда адам ұрлады деп айыпталуда, бірақ мұны Әлиевтің өзі жоққа шығарып отыр. Рахат Әлиев «Профил» деп аталатын журналға сұхбат беріп, «Қазақстанда менің өміріме және отбасымның өміріне қауіп төніп тұр» деп мәлімдеді. Бұл жөніндегі мақала дүйсенбі күні жарық көреді. Назарбаевтың үлкен қызы Дариғаға үйленген Рахат Әлиев Қазақстанның Австриядағы елшісі болған. Өткен аптада ол қызметінен босатылды.
XS
SM
MD
LG