Accessibility links

Ауғанстанда НАТО күштерінің 1 жауынгері қаза болып, 7-еуі жараланды


КАБУЛ: Сенбі күні Ауғанстанның шығысында НАТО-ның автокеруені торуылға тап болып, 1 НАТО жауынгері мен оның тілмәші оққа ұшты, тағы 7 жауынгер жараланды. НАТО күштерінің хабарында қақтығыстың қайда болғаны және қаза тапқандардың шыққан елі туралы ештеңе айтылмайды. Соңғы бірнеше айдың ішінде әсіресе Ауғанстанның оңтүстігі НАТО күштері мен тәліптердің кескілескен шайқастарының сахнасына айналды.
XS
SM
MD
LG