Accessibility links

Түркияның Ирақтың солтүстігіне өз әскерін аттандыруына АҚШ түбегейлі қарсы


СИНГАПУР: АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс Түркияны елдегі күрдтердің Жұмысшы партиясының көтерілісшілері паналаған Ирақтың солтүстік аудандарына өз әскерін аттандырмауға шақырды. Қауіпсіздік проблемасы бойынша конференция өтіп жатқан Сингапурда журналистердің алдында Р.Гейтс Ирақ шекарасы аумағында Түркияның өз бетінше әрекет етуіне АҚШ-тың түпкілікті қарсы екенін мәлімдеді. Түркия тәуелсіз Күрдістан құруды аңсаған күрд сепаратистеріне қарсы Ирақпен арадағы шекара аумағына қосымша әскерін шоғырландырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG