Accessibility links

Нигериядағы “Русский алюминий” зауытының 6 жұмысшысы ұрланды, кемінде үшеуі орыстар


ПОРТ ХАРКУРТ: Нигериядан алынған хабарға қарағанда, осы елдегі Ресейдің “Русский алюминий” компаниясына жататын зауыттан қарақшылар 6 адамды, оның ішінде кемінде 3 орысты ұрлап алып кетті. Оңтүстіктегі Аква Ибом штатындағы осы зауыттың Бас директорының Ассошиейтэд Пресс агенттігі келтірген сөзіне қарағанда, кісі ұрлаудың алдында қарақшылар орыстардың үйін қопарғышпен жарған. Нигерияның қауіпсіздік қызметі өкілдерін сілтеп көрсеткен ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлағанындай, ұрланғандардың үшеуі Ресей азаматтары көрінеді. Бұл жайттың жай-жапсары тергелуде.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG