Accessibility links

Германиядағы ғаламдандыруға қарсы шеру кезінде 500-ге жуық адам жапа шекті


РОСТОК: Германияның Росток қаласында ғаламдандыруға қарсы халық пен полицияның қантөгілген қақтығысына қатысы бар 125 адам ұсталды. Бүгін ресми билік хабарлағандай, қақтығыста 140-тан астам полицей, оның ішінде 30-ы – ауыр жараланды. Бейберекеттің барысында бас-аяғы 500-ге жуық адам жапа шекті, оның нақты санын ешкім айта алмайды. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, ғаламдастыруға қарсы Ростоктағы кешегі шеруге 80 мыңға жуық адам, ал полицияның есебі бойынша 20 мың адам қатысты. Бірақ полициямен арадағы қақтығысқа оның бітіспес шағын бөлігі ғана қатысты. Шеруді ұйымдастырушылар экстремистік іс-әрекетке қарсы шықты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG