Accessibility links

Кремль Ақ үйдің Еуропаға радар жүйесін орналастыру жоспарына өз жауабын берді


МӘСКЕУ: Егер АҚШ зымырандық шабуылдан қорғану жүйесін Ресей шекарасына жақын Еуропаға орналастыратын болса, онда Ресей өзінің зымырандарын Еуропадағы нысандарға қарай бағыттайды. Шетелдік баспасөз құралдарына берген сұхбатында Ресей президенті В.Путин осылай деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, радар жүйесін Польша мен Чехия орналастыру жоспары – АҚШ-тың ядролық жүйесі элементтерінің Еуропаға алғаш рет орналасуы болады. Ресей бұл жоспарға түбегейлі қарсы. Таяуда Ресей президенті В.Путин: “Ресейдің жаңа зымырандарды сынауы – АҚШ-тың радар жүйесін Еуропаға орналастыруына жауабы”, -деп мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG