Accessibility links

АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан түсетін үміткерлер өзара пікір таластырды


ВАШИНГТОН: АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан түсуге тиісті үміткерлер Ирақтағы соғыс тақырыбы бойынша пікірталас өткізді. Телеарнада өткізілген пікірсайыста сенатор Хиллари Клинтон президент болып сайланған жағдайда, Ирақтан АҚШ әскерін дереу шығаратынын мәлімдеді. Өз кезегінде оның бәсекелестері оған 2003-інші жылы Ираққа АҚШ әскерінің басып кіруін қолдап дауыс бергенін есіне салды. Пікірталастырушылар “Иранның ядролық бағдарламасы” мәселесін де қозғады. Сенатор Джозеф Байден, егер Иран ядролық қару жасайтын болса, онда президент болып сайланған соң еш ойланбастан Иранға күш қолданатынын үзілді-кесілді мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG