Accessibility links

Чех ауылдарындағы халықтың 95 пайызы АҚШ радарын салуға түбегейлі қарсы болып отыр


ПРАГА: АҚШ-тың зымырандық шабуылдан қорғану жүйесінің бір бөлігін Чехияға орналастыру жоспарын чех үкіметімен талқылау үшін АҚШ президенті Дж.Буш бүгін Прага қаласына ұшып келуге тиіс. Сапардың алдында Ресей президенті В.Путин егер АҚШ-тың радар жүйесі Ресей шекарасына жақын Еуропаға орналастырылатын болса, онда Ресей өзінің соғыс зымырандарын Еуропадағы нысандарға бұратынын ескерткен болатын. Буш пен Путин “Үлкен сегіздік” лидерлерінің Германиядағы саммитінде кездеседі. Ал 5 чех ауылының халқы жексенбі күнгі референдумда өз мекендерінің маңайына АҚШ радарын тұрғызуға 95 пайыз дауыспен қарсы шықты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG