Accessibility links

Р.Әлиев 1 млн. еуро ақшаға кепілдікке босатылса, оның 4 сыбайласы Вена түрмесінде қамауда отыр


АСТАНА: Интерполдың Астанадағы Ұлттық орталық бюросынан келіп түскен хабарға сәйкес, Вена қаласының соты берген ордер бойынша, Вена полициясы Р.Әлиевпен бірге Виктор Сапожников, Вадим Кошляк, Айдар Бектібаев және Сергей Кошлай деген оның 4 сыбайласын тұтқындаған. Ол жайында бүгін Астанада өткізген брифингте ішкі істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Бағдат Қожахметов хабарлады. Қазір Рахаттан басқа төртеуі Вена қаласының Йозеф Стат түрмесінде отыр. Ал Р.Әлиев болса – алғашқыда денсаулығы сыр берген соң түрме госпиталіне жатқызылып, одан кейін ақшалай 1 млн. еуро төлеп кепілдікке босатылды. Австрия заңдарына сәйкес, кепілдікке босатылған адам күн сайын белгілі бір сағатта өзінің жүрген жерін сот билігіне хабарлап отыруға міндетті. Бағдат Қожахметовтің мәлімдеуінше, аталған азаматтарды Австриядан Қазақстанға жіберу мәселесі қарастырылу үстінде.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG