Accessibility links

Дж.Буш чех лидерлерімен келіссөз өткізіп, халықаралық конференцияда сөз сөйлейді


ПРАГА: Бүгін АҚШ президенті Дж.Буш Прагада Чехия басшыларымен осы елге Американың зымырандық шабуылдан қорғану жүйесін орналастыру мәселесі бойынша келіссөз өткізеді. Вашингтонның бұл жоспары Мәскеудің үзілді-кесілді қарсылығын туғызды. Дүйсенбі күні Ресей президенті В.Путин соғыс зымырандарын Еуропаға қарай бағыттауға дайын екенін мәлімдеді. Өз кезегінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Еуропаның қауіпсіздігін АҚШ-тың қауіпсіздігінен бөліп қарауға болмайды деп шегеледі. Ал Дж.Буш бүгін Прагада демократия мен қауіпсіздік проблемасына арналған халықаралық конференцияда сөз сөйлейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG