Accessibility links

Израиль басып алған территорияларда адамның құқы аяққа тапталып келеді


ТАЯУ ШЫҒЫС: Бүгін Таяу Шығыстағы “6 күндік соғыс” деп аталған қантөгістің басталғанына тура 40 жыл толды. 1967-нші жылғы осы соғыстың барысында Израиль Мысыр, Иордания және Сирия елдерінің қарулы күштерін, Синай түбегін, Голан тауын және Газа аймағы мен Иордан өзенінің Батыс жағалауын басып алды. Бүгін теледидардан сөйлеген сөзінде Палестина лидері М.Аббас Палестина халқының азамат соғысы табалдырығында тұрғанын мәлімдеді. БҰҰ-ының адамның құқы бойынша Жоғарғы Комиссары Луиза Арбур ханым атап көрсеткендей, басып алынған территорияларда адамның құқы ұзақтен бері аяққа тапталып келеді.
XS
SM
MD
LG