Accessibility links

Ирақ астанасында ірі қастандыққа тосқауыл қойылды


БАҒДАД: Бүгін Бағдадта ірі террористік қастандыққа тосқауыл қойылды. Ирақтың ішкі істер министрлігі хабарлағандай, полицейлер армия қатарына еріктілерді қабылдайтын орталыққа жақындап келіп, полицияның “тоқта” деген бұйрығына көнбеген жанпидашыл-әйелді атып өлтірді. Полицейлер оқ жаудырған кезде әйелдің денесіне бекітілген жарылғыш іске қосылды. Бағдадта жанпидашыл-террористердің қастандығы жиі болып тұрады, бірақ жанпидашыл-әйелдер сирек болады.
XS
SM
MD
LG