Accessibility links

АҚШ-тың радар жүйесін Еуропаға орналастыруына Қытай да алаңдап отыр


БЕЖИН: АҚШ-тың зымырандық шабуылдан қорғау жүйесін Чехия мен Польшаға орналастыру жоспарына Ресейдің ізінше Қытай да “ол жоспар қару-жарақ бәсекелестігін туғызуы мүмкін” деп өз қарсылығын білдірді. Ресей президенті В.Путин, егер осы жоспар іске асырылатын болса, онда аптаның соңына дейін Ресей өзінің ядролық зымырандарын АҚШ-тың Еуропадағы соғыс базаларына қарай бұратынын мәлімдеген болатын. Бүгін Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Джианг Ю “радар жүйесін орнату екі жетекші елдің өзара сеніміне нұқсан келтіреді” және “жаңа бәсекелестікке дем беруі ықтимал” деп атап көрсетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG