Accessibility links

Тәліптер өз қолбасшысының сүйегін туыстарына бермегені үшін бір тұтқынды өлтірді


КАБУЛ: Бүгін Талибан қозғалысының өкілі кепілдікте отырған ауғандықтардың бірін өлтіргендерін мәлімдеді. Кандагарда “Азат Ауғанстан” Радиосына берген сұхбатында Талибан өкілі Шаһабуддин Атал әлгі тұтқын ауған үкіметі тәліптердің дала қолбасшысы Дадулла молданың сүйегін туыстарына бермеген соң өлтірілгенін хабарлады. Ауған үкіметі Дадулла молданың сүйегін кеш дегенде бүгін беруге тиіс болатын. Оның алдында ауған үкіметі Дадулланың сүйегін тәліптердің тұтқынында отырған ауғандық 5 медицина қызметкеріне айырбастауға келіскен болатын. Тәліптер оларды наурыз айында қолға түсірді.
XS
SM
MD
LG