Accessibility links

Н.Назарбаевқа шектеусіз сайлану құқының берілуін Р.Әлиев “2 қадам кейін шегіну” деп бағалады


ВЕНА: Вена түрмесінен 1 млн. еуро ақша кепілдік беріп, жексенбі күні бостандыққа шыққан Р.Әлиев “Неміс толқыны” Радиосына берген сұхбатында қолында талай құпия құжаттың барлығын мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, өзінің қолында жоғары лауазымды билік өкілдерінің арасындағы жемқорлыққа шатысы болғаны, оның ішінде ескі КГБ мен басқа да барлау қызметтерімен байланысы болғаны туралы құпия құжаттары бар. Президент Н.Назарбаевқа өмірінің ақырына дейін сайлану құқының берілуін Р.Әлиев – «2 қадам кейін шегіну» деп бағалады. «Бұл - Қазақстанның өзі ұмтылуға тиісті демократиялық құндылықтарынан кейін шегінуі» деп мәлімдеді “Неміс толқыны” Радиосына берген сұхбатында, Н.Назарбаевтың үлкен күйеу баласы Р.Әлиев.
XS
SM
MD
LG