Accessibility links

Франция Ауғанстандағы күштерін шығаруды жоспарлап отырған жоқ


Франция өз әскерлерін Ауғанстаннан шығаруды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Франция премьер-министрі Франсуа Фийон хабарлады. Канаданың премьер-министрімен кездесуінен кейін Франсуа Фийон Франция Ауғанстандағы міндеттемелері мен одақтастарынан айнымайды деп мәлімдеді. Алайда Франция Ауғанстандағы күштерінің тиімдірек болуын және Ауған армиясын жаттықтыруын қалайды деді премьер-министр. Ал Францияның жаңа президенті Николя Саркози Ауғанстандағы француз күштерінің ұзақ мерзімді ролін көріп тұрған жоқпын деп айтқан болатын.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG