Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қырғызстандағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесті


АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Ричард Баучер Қырғызстандағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесті. Бішкектегі АҚШ елшілігінде өткен кездесуде Қырғызстандағы саяси жағдай мен конституциялық реформалар және баспасөз бостандығына қатысты мәселелелер талқыланды. Ричард Баучердің мәлімдеуінше, сот жүйесін реформалауға көмектесу мақсатында АҚШ Қырғызстанға шамамен 20 миллион доллар беретін болады. Баучер екі ел арасындағы қарым-қатынастар мәселесін талқылау үшін Қырғызстан ресмилерімен кездеседі.
XS
SM
MD
LG