Accessibility links

Австрияда Рахат Әлиевке қарсы қылмыстық іс қозғалды


Австрияда Қазақстан президентінің үлкен күйеу баласы Рахат Әлиевке заңсыз ақша өткізді деген айып тағылды. Қазақстан Венадан Рахат Әлиевті экстрадициялауды сұраған болатын. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариғаға үйленген Әлиевке өз елінде адам ұрлады және заңсыз бизнес жасады деген айыптар тағылған. Өткен аптада Венада қамауға алынған Рахат Әлиев Қазақстанның Австриядағы елшісі болған. Осыдан екі апта бұрын ол қызметінен босатылған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG