Accessibility links

Путин Бушқа Әзірбайжандағы радарды бірлесіп пайдалануды ұсынды


Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Джордж Бушқа Әзірбайжандағы зымыранға қарсы радарды бірлесіп пайдалануды ұсынды. Бұл туралы Путин Германияда “Үлкен Сегіздік” саяммиті аясында президент Бушпен өткізген келіссөздерінен кейін бірлескен баспасөз-мәслихатында жариялады.

“Біз АҚШ-тың ұсыныстарын мұқият қарап шықтық. Осыған байланысты бізде өз идеяларымыз бар. Мен олар туралы жан-жақты айтып бердім. Біз жалға алып отырған Әзірбайжандағы Габала радиолокациялық станциясын пайдалануды ұсындық”, - деді Путин.

АҚШ-тың Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарына байланысты Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынастар шиеленісіп қалған болатын. Ресей АҚШ-тың бұл жоспарына қарсылық білдіріп, егер ол шынымен іске асырылатын болса Мәскеу оған жауап шара қолданады деп ескерткен тұғын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG