Яап де Хуп Скхеффер бүгін Брюсселде сөйлеген сөзінде зымыранға қарсы американдық радар жүйесін орналастыру үшін Әзірбайжан Иранға тым жақын деп атап көрсеткен. Ал Әзірбайжанның сыртқы істер министрі Элмар Мамадияров өз елі Путиннің ұсынысына байланысты кеңесулер өткізуге дайын деп мәлімдеді.