Accessibility links

Румыния мен Польша Еуропа Кеңесінің құпия түрмелерге байланысты баяндамасын жоққа шығарды


Орталық Барлау Агенттігінің Румыния мен Польшада құпия түрмелері бар деп айыптаған Еуропа Кеңесінің баяндамасын Румыния мен Польша ресмилері жоққа шығарды. Швейцария сенаторы Дик Марти жүргізген тергеуде лаңкестер деп күдіктелгендері ұрлап ұстап беруге Еуропа елдері жол берді немесе жасырын келісімге келіп әрекет етті делінген. Румыния сыртқы істер министрлігі бұл баяндаманы жоққа шығарды. Ал Польша сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Варшава Польшада құпия орталықтар жоқ деген ұстанымынан қайтпайды.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG