Accessibility links

АҚШ президенті Косово мәртебесіне байланысты мәселені тез арада шешуге уақыт келді дейді


АҚШ президенті Джордж Буш пен Рим папасы Бенедикт 16-шының Ватикандағы келіссөздері Ирақтағы христиандардың жағдайына арналды. Буштың айтуынша, Ирақ үкіметі бұл мәселеге орай төзімділікке қол жеткізу үшін көп жұмыс атқаруда. Италия премьер-министрі Романо Продимен өткізген келіссөзінен кейін бірлескен баспасөз-мәслихатында АҚШ президенті, сондай-ақ, Косово мәртебесіне байланысты мәселені тезарада шешуге уақыт келді деп мәлімдеді. Он мыңдаған адам Буштың сапарына наразылық таныту үшін Рим көшелеріне шықты.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG