Accessibility links

Бельгияның жаңа үкіметін Фландрияның қазіргі премьер-министрі жасақтауы мүмкін


БРЮССЕЛЬ: Кеше болып өткен парламент сайлауында өзі бастаған социалистер мен либералдардың коалициясы консерваторларға жеңіліп қалған соң, Бельгияның премьер-министрі Гай Верхофштадт бүгін өз үкіметінің тарайтынын жариялауға тиіс. 8 жыл бойы билік басында болған коалиция кешегі сайлаудың барысында жеңілді. Жаңа коалициялық үкіметті құру жөніндегі келіссөзде оңшыл центристік христиан демократтары жетекші рөл атқаратын тәрізді. Сарапшылардың пікірінше, жаңа үкіметтің басына Фландрияның қазіргі премьер-министрі Ив Летермнің отыруы әбден мүмкін.
XS
SM
MD
LG