Accessibility links

Босния сербтерінің бір офицері өз қылмысын мойындамаса да, Гаага сотына өзі келді


САРАЕВО: Босния сербтерінің бұрынғы офицері Милорад Трбич кеше Гаагадан Боснияға жеткізіліп, оның үстінен соғыс қылмыстарын істегені үшін сот болады. Оған 1995-інші жылы Сребреница қаласында 8 мыңға жуық мұсылман ер кісі мен ұл баланы қырды деген айып тағылып отыр. Бұрынғы Югославияның ісі бойынша Гаага трибуналы мәлімдегендей, бірқатар қылмысты мұқият тергеген соң, Трбичтің ісін Босния мен Герцоговинаның сотына беру туралы шешім қабылданды. Өзіне тағылған айыптардың бірін де мойындамаған Трбич - Гаага трибуналына 2005-інші жылы өзі берілген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG