Accessibility links

Қазақстанда оппозициялық екі партия бірікпекші


АЛМАТЫ: Қазақстандағы оппозициялық “Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы” мен “Нағыз “Ақ жол” демократиялық партиясы бір-бірімен қосылып, бір партияға айналады. Екі партия өз лидерлері қол қойған осындай мәлімдеме таратты. Қазақстанның конституциясына таяуда енгізілген түзетулер мен өзгертулер, оның ішінде қос палаталы парламент депутатарының қатарын көбейту туралы өзгеріс – кезектен тыс парламент сайлауын биыл өткізеді деген жорамал туғызып отыр. Қазақстанның “Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы” өткен жылы ресми тіркеуге алынған, ал “Нағыз “Ақ жол” партиясы – тең төрағасының бірі Алтынбек Сәрсенбайұлыны қастандықтан құрбан болған соң ғана тіркелген болатын.
XS
SM
MD
LG