Accessibility links

Грузия – НАТО-ға 2009-ыншы жылы-ақ мүше болуға үміт артады


ПРАГА: Грузия НАТО-ға 2009-ыншы жылы-ақ мүше болып қабылдануы мүмкін. Дүйсенбі күні “Азаттық” Радиосының Прагадағы штаб-пәтерінде өткізген баспасөз-маслихатында Грузияның премьер-министрі Зураб Ногайдели осылай деп есептейтінін атап көрсетті. Оның мәлімдеуінше, өзінің НАТО-ға қабылдануы мәселесін әскери одақтың келесі саммитінде талдауға мүмкіндік беретін бірқатар жаңа бағдарламаны Грузия таяу уақытта орындайды. “Грузия – НАТО-ға 2009-ыншы жылы мүше болады”, - деп мәлімдеді З.Ногайдели.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG