Accessibility links

Дариға мен Рахат ресми түрде ажырасты


Қазақстан президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиев ресми түрде ажырасқан, бұл жөнінде Австриядағы Рахатқа 11 маусым күні хабарланған. Австрия Қазақстанның осындағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевке қарсы арам ақшаны заңдастырмақ болды деген қылмыстық іс қозғаған болатын. Қазақстан Рахат Әлиевті адам ұрлауға қатысты, ұйымдасқан қылмысқа барып ауыр қылмыстар жасады деп айыптап, оның Қазақстанға қайтарылуын сұрап отыр. Әлиевтің сөзіне қарағанда, ажырасқандарын айғақтайтын қағазда қойылған қол өзінікі емес, өйткені ол ажырасуға келісім бермеген көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG