Accessibility links

Израильдің қорғаныс министрі болып Еңбек партиясының жаңа лидері отырады


ТЕЛЬ-АВИВ: Израильдегі Еңбек партиясының жаңа лидерін сайлауда экс-премьер-министр Эхуд Барак жеңіске жетті. Партия өкілдерінің хабарлауынша, сейсенбі күнгі дауыс берудің нәтижесінде Э.Барак Израильдің барлау қызметінің бұрынғы басшысы Ами Айалоннан көп дауыс алды. Енді ол – премьер-министр Э.Ольмерттің үкіметінде қорғаныс министрі болып отырған “Еңбек партиясының” бұрынғы лидері Амир Перецтің орнын басады. Э.Ольмертті өткен жылғы “Ливан соғысы” үшін үкімет басынан кетуге шақырған Барак, дегенмен де, өз партиясын коалициялық үкіметтің құрамынан дереу шығара қоймайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG