Accessibility links

Африка Одағы мен БҰҰ-ы Суданның Дарфур өлкесіне 19 мыңдық бітім күштерін орналастырады


ХАРТУМ: Судан үкіметі Африка Одағының және БҰҰ-ының бітім күштерін соңғы 4 жылда 200 мыңнан астам халық қырылған өзінің Дарфур өлкесіне орналастыруға келісімін берді. Судан бітім күштерін орналастыруға соңғы сәтке дейін қарсыласып келген болатын. Африка Одағы мен БҰҰ-ының және Судан үкіметінің бірлескен мәлімдемесінде бітім күштерінің 19 мың жауынгерден тұратыны айтылады. Дарфурдағы “қайырымдылық дағдарыс” – “Үлкен сегіздік” елдерінің жуырдағы саммитінде де талқыланған еді.
XS
SM
MD
LG