Accessibility links

Иранды айыптайтын АҚШ шенеунектері оның Ауғанстанға көмектесіп жатқанын да жасыра алмады


ПАРИЖ-КАБУЛ: АҚШ-тың жоғары лауазымды 2 бірдей шенеунігі Иранның Ауғанстандағы тәліптерді қолдайтынын мәлімдеді. Атап айтқанда, Парижде сөйлеген сөзінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Николас Бернс Иранды тәліптерді қару-жарақпен жабдықтап отыр деп айыптады. Оның мәлімдеуінше, Иран бүкіл Таяу Шығыстағы көтерілістерді қаржыландырып келеді. Кабулда Ауғанстандағы НАТО күштерінің қолбасшысы, АҚШ генералы Дэн Макнил де тәліптерге Иранның көмек беріп жатқанын мәлімдеді. Бірақ, Макнил, Иранның сонымен бірге ауған үкіметіне жол салуға және Батыс Ауғанстанды электр қуатымен қамтамасыз етуге көмектесіп жатқанын да жасырмады.
XS
SM
MD
LG