Accessibility links

Мәскеу мен Вашингтон “Кәдімгі қарулы күштер туралы Келісім” бойынша ынтымақтаспақшы


ВЕНА: Ресей мен АҚШ - Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы Келісімді жалғастыру ісінде өзара ынтымақтасуға дайын екендерін мәлімдеді. Осы келісімге қол қойған 30 мемлекет өкілдерінің Венада басталған 4 күндік төтенше конференциясында осындай мәлімдеме жасалды. Бұл конференция - өзінің шекарасы бойындағы НАТО күштерінің арта түсуіне алаңдаған Ресейдің бастамасы бойынша шақырылды. НАТО мен бұрынғы “Варшава шартына” мүше елдердің арасында 1990-ыншы жылы қол қойылған Келісім Атлантика мұхиты мен Ресейдің Урал тауы арасына орналастырылған кәдімгі қарулы күштерге шектеу қояды.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG