Accessibility links

Палестинаға азамат соғысының басталу қаупі төніп тұр


ГАЗА: Газа қаласында Палестинадағы бақталас 2 ұйымның өкілдері арасындағы шайқастар толастамай, бір хабарға қарағанда, кеше исламшыл “ХАМАС” ұйымының жасағы “ФАТХ” қозғалысының қауіпсіздік қызметінің штаб-пәтерін басып алған. Сейсенбі күнгі қақтығыстардың барысында кем дегенде 27 адам қаза тапты. Оның ішінде “Хамас” көсемдерінің бірі әрі Палестина премьер-министрі И.Ханияның үйі, сондай-ақ “ФАТХ” қозғалысының лидері әрі Автономия төрағасы М.Аббастың кеңсесі атқыланды. Еуропа Одағы осы қақтығыстар жалғаса беретін болса, оның азамат соғысына айналу қаупі бар деп ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG