Accessibility links

Екіқабат әйелдердің нашар көңіл-күйі болашақ сәбидің ойлау қабілетін әлсіретеді


Британия зерттеушілері 300-дей екіқабат әйелдің қан және жатыр суларын сараптамаға алып, зерттеулер жүргізді. Олардың анықтауынша, екі қабат әйелдің қан құрамындағы “стресс гормондары” мен жатыр суы арасында тікелей байланыс бар.

Кісі қорқыныш немесе үрейлі көңіл күйді бастан кешкен сәтте “стресс немесе кері сілкініс гормондары” қанға бөлінеді екен. Мұндай көңіл-күй қысқа мерзімге ұласқанда, оның адам ағзасын демалдырып, берер пайдасы мол болмақ. Алайда, ондай гормондардың бөлінуі тым ұзақ уақытқа созылып кеткен жағдайда, оның адам денсаулығына кері әсері басталады екен. Атап айтқанда, кісінің қан қысымы көтеріліп, иммундық қабілеті төмендейді.

“Клиникалық эндокренология” зерттеуінің бас ауторы Пампа Саркардың пікірінше, мұндай жағдайдың нақты әсерлерін әлі де зерттей түсу қажет болады. Анасының бойына біткеніне 33 апта өткен бірнеше балаға 1999-шы жылы зерттеу жүргізілген болатын. Оның нәтижесінде екіқабат ананың алған стресінің бойдағы баланың миына кері әсер ететіндігі анықталған. Ондай балалардың ақыл-ой дамуы өзге балалармен салыстырғанда 10 пайызға төмен болады екен. Мұндай жағдайға негізінен күйеуімен арасындағы қарым-қатынас себепші, дейді мамандар.

Алайда соғыс жүріп жатқан аймақтардағы екіқабат әйелдің болашақ сәбиіне сырттағы осындай келеңсіз жағдай, отбасы жанжалдарынан гөрі, қаттырақ әсер ететін көрінеді.
XS
SM
MD
LG