Accessibility links

Ресей соты шетелдік студентке шабуыл жасаған азаматты ауыр жазаға тартты


МӘСКЕУ: Ресейдегі Адыгей республикасының Сергей Иваницкий деген 19 жастағы тұрғыны Суданнан келген студентті соққыға жығып, тонағаны үшін 11 жыл мерзімге түрмеге кесілді. Тергеудің мәліметі бойынша, өткен жылдың шілдесінде Краснодар қаласында С.Иваницкий көшеде төбелес шығарып, Африка елінен келген студентті пышақпен ауыр жаралап, оның сымсыз телефонын тартып алған. Әлгі студент ауруханада ес-түссіз 1 ай жатып шыққан. Тергеу бұл қылмыстың нәсілшілдік пиғылда істелгенін жоққа шығарды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG