Accessibility links

Косоводағы неміс әскерінің мандаты 2008-інші жылдың ортасына дейін ұзартылады


БЕРЛИН: Германия үкіметі Косово өлкесінде қызмет ететін 2.5 мың неміс жауынгерінің мандатын 2008-інші жылдың ортасына дейін ұзартуға келісті. Косоводағы НАТО күштерінің құрамына кіретін неміс әскерінің мандатын ұзартуға неміс парламенті де батасын беруге тиіс. Сербияның албандар басым тұратын Косово өлкесі – 1999-ыншы жылдан бері БҰҰ-ының басқаруына қарайды. Осы жылы НАТО күштері албандардың қарсылығын хайуандықпен басып-жаншыған серб әскерін Косоводан ығыстырып шығарған болатын.
XS
SM
MD
LG