Accessibility links

Пентагон Ирақта күн сайын 100 шақты бейбіт халықтың қырылатынын мойындады


ВАШИНГТОН: АҚШ әскерінің Бағдад қаласындағы қауіпсіздікті нығайтуға кіріскен сәтінен бері Ирақтағы жанпидашыл террористер мен басқа да шабуылдар өрши түсті. АҚШ-тың қорғаныс министрлігі – Пентагон - осылай деп мәлімдеді. АҚШ Конгресінде әрбір 3 ай сайын беретін есебінде Пентагон ақпан мен мамыр айлары арасындағы шабуылдар мен қастандықтардың өсе түсуі - бейбіт халықтың көп қырылуына соқтырғанын және Ирақта күніне 100 шақта адамның қырылатынын атап көрсетті. Бірақ Пентагонның ескертуінше, Ираққа қосымша жіберілген 30 мыңдай АҚШ әскерінің іс-қимылынан “нәтиже” күтуге әлі де ерте көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG