Accessibility links

Рим-католик шіркеуі әйелдердің жасанды түсік жасатуына түбегейлі қарсы


ВАТИКАН. РИМ: Ватикан аяғы ауыр әйелдердің бала алдыртуын жақтайды деп халықаралық “Amnesty International” ұйымына қарсы шықты. Ватиканның Әділдік және бейбітшілік бойынша Епископтар Кеңесі рим-католик дінін ұстанатын халықтар мен ұйымдарды бала алдырып тастауды қолдаған “Amnesty International” ұйымына беретін қаржылай көмектерін тоқтатуға шақырды. Өткен сәуір айында “Amnesty International” әлем елдерін өзінің денсаулығына немесе қан араластырмау сынды өзінің азаматтық құқына қатер төнген әйелдердің бала алдыртып тастауына кепілдік беретін саясат жүргізуге үндеген болатын.
XS
SM
MD
LG