Accessibility links

Ауғанстан қорғаныс министрі АҚШ-тың Иран “Талибанды” қаруландыруда деген мәлімдемесін жоққа шығарды


Ауғанстан қорғаныс министрі Абдул Рахим Уардак АҚШ-тың Иран “Талибанды” қаруландыруда деген мәлімдемесін жоққа шығарды “Ассошиэйтед Пресс” ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Уардак “біздің Иранмен қарым-қатынастарымыз жақсы, біз Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылық Иранның мүддесіне де жатады деп сенеміз” деп мәлімдеді. Сәрсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Николас Бурнс Иран үкіметі Талибанды қару-жарақпен қамтамасыз етуде, бұған “айқын дәлел” бар деп мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG