Accessibility links

Бағдад пен Самаррада коменданттық тәртіп енгізілді


Ирақ үкіметі Бағдад пен Самарра қалаларында коменданттық тәртіп енгізді. Сәрсенбі күні Самаррадағы шииттердің Алтын Мешітінде болған жарылыстан мешіттің екі мұнарасы қиратылған болатын. Билік орындары кешегі шабуылды сунниттер мен шииттерді бір-біріне қарсы қою үшін “Әл-Қаида” соғысушылары іске асырды деген болжам айтты. Осыдан 15 ай бұрын әлгі мешіттің алтын мұнарасын қиратқан шабуыл сүнниттер мен шийттердің арасынан жанжал шығарып, мыңдаған халық қырылған болатын. БҰҰ мен АҚШ және Еуропа Одағы Самарра қаласындағы соңғы шабуылды айыптады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG