Accessibility links

Ирақта 2 жыл бұрын ұрланған Бразилия азаматының сүйегі еліне жөнелтілді


БРАЗИЛИА: Ирақта осыдан 2 жылдай бұрын хабар-ошарсыз жоғалған Бразилия азаматының сүйегі табылды. Ол туралы Бразилияның сыртқы істер министрлігі хабарлайды. Кувейтте жүргізілген сараптаманың нәтижесінде, табылған сүйек – 2005-інші жылдың қаңтарында “Әл-Қаида” ұйымымен байланысы бар экстремистік топтың содырлары тұтқындап алып кеткен инженер Жоао Жозе Васконселлостікі екені анықталды. Марқұмның сүйегі еліне жөнелтілді.
XS
SM
MD
LG