Accessibility links

Әзірбайжанда сөз бостандығын қорғайтын жалпыұлттық митингі өтеді


БАКУ: Кеше Бакуде бірнеше ондаған журналист сөз бостандығын қорғап митингі өткізді. Жергілікті тілшіміздің хабарлауынша, журналистер ең алдымен сотталып түрмеге жабылған 7 әріптесін босатуды және баспасөз құралдаының өкілдеріне қарсы қылмыс істегендерді жазаға тартуды талап етті. “Азаттық” Радиосына оппозициялық “Ени Мусават” газетінің бас редакторы Рауф Арифоглы хабарлағандай, митингіні күштеп таратқан полиция қатыгездік танытып, бір журналист ауруханаға түсті, үшеуін 1 сағат полиция кеңсесінде ұстады. 23-інші маусым күні сөз бостандығын қорғайтын жалпы ұлттық митингі өткізу жоспарланып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG