Accessibility links

Қырғыз бас прокуроры наразылық танытушылармен кездесті


Қырғызстан бас прокуроры Елмұрза Сатыбалдиев бүгін наразылық танытушылармен кездесті. Кеше Жоғарғы соттың жанында 33 адам аштық акциясын жариялаған болатын. Олар 2002-ші жылы наурыз айында Ақсы ауданында өлтірілген адамдарға қатысты істің қаралуын талап етуде. Сатыбалдиев ол іске байланысты мұқият тергеу жүргізіледі деп уәде берді. Наразылық танытушылар шеру кезінде оққа ұшқан 6 адамның туыстары болып табылады.
XS
SM
MD
LG