Accessibility links

АҚШ Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарына байланысты әрекеттерін одан әрі жалғастырады


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтстың айтуынша, Америка Құрама Штаттары Шығыс Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарына байланысты әрекеттерін одан әрі жалғастыра береді. Ол жоспар Ресей президенті Владимир Путиннің Әзірбайжандағы радар станциясын бірлесіп пайдалану жөніндегі ұсынысымен ауыстырылмайды, деді Гейтс. Бұл туралы ол Брюссельде өткен НАТО қорғаныс министрлерінің жиынында айтты. Онда Роберт Гейтс Ресейлік әріптесі Анатолий Сердюковпен жеке кездесуге тиіс болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG