Accessibility links

Ресмилердің айтуынша, Палестина президенті жаңа премьер-министрді тағайындаған


Палестина ресмилерінің айтуынша, Палестина автономиясының президенті Махмұд Аббас төтенше үкіметте премьер-министр қызметін атқарады деп тәуелсіз заңшығарушы Салам Фаядты таңдады. Фаяд біріккен үкіметте қаржы министрі болған. Хамас пен Фатх топтары арасында бес күн бойы жалғасқан қақтығыстардан 80-нен астам адам құрбан болды. Қазір Газа аймағы толығымен “Хамас” тобының бақылауына өтті. Ал Батыс Жағалаудың басым бөлігі Махмұд Аббастың “Фатх” қозғалысының бақылауында қалып отыр. Махмұд Аббас Хамас жетекшілігіндегі үкіметті таратып, Газада төтенше жағдай жариялады.
XS
SM
MD
LG