Accessibility links

ФСБ агенттігі Британия барлаушыларын іздестіріп жатырмыз дейді


Ресей федералды қауіпсіздік агенттігі елде Британия барлау қызметі жұмыс істеп жатыр деген мәлімдеме бойынша тергеу бастады. ФСБ агенттігі мәлімет Андрей Луговой деген азаматтан түсті дейді. Британия тарабы Лондонда уландырып өлтірілген Ресейдің бұрынғы офицері Александр Литвиненконың өліміне Андрей Луговой айыпты дейді, Ресейге қайырылып, Андрей Луговойды ұстап беруді сұраған. ФСБ агенттігі нақты бір азаматтарға қатысты күдігі бар ма, жоқ па айтқан жоқ. Былтыр қараша айында Лондонда өлтірілген Александр Литвиненконың өліміне тергеудің қатысы бола ма, жоқ па – ол жағы да айтылған жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG