Accessibility links

Таяу Шығыс квартеті Палестина президентін толық қолдайды


Таяу Шығыста ара-ағайындық атқаратын халықаралық топ Палестина президенті Махмұд Аббастың қимылдарын толық қолдаймыз деді. Таяу Шығыс квартеті деп аталатын топқа қатысатын АҚШ, Ресей, Еуропа Одағы және Біріккен Ұлттар Ұйымының жоғары өкілдері мәселені телеконференция арқылы талқылады. БҰҰ-ның өкілі Марие Окабе бас хатшы Бан Ки Муун Палестина ұлттық бірлік үкіметінің дағдарысқа ұшырағанына, қақтығысқа, қиратуға және бөлшектенуге орын берілгеніне қатты алаңдайды, бұл тезарада тоқтатылу керек, тыныштық қалпына келу керек деп сипаттады. АҚШ, Израиль және Еуропа Одағының кейбір елдері Палестина президенті Махмұд Аббасқа көмектесу мақсатында Батыс Жағалауға қатысты кейбір шектеулерді азайтуға ниетіміз бар деді.
XS
SM
MD
LG