Accessibility links

Палестина президенті Махмұд Аббас елдің жаңа бас министрін тағайындады


Ел президентіне бағынатын «Фатах» тобы мен бұрынғы бас министр басқаратын "Хамас" тобы бірнеше күн қатты шайқасқан соң, "хамасшылар" бейсенбі күні Газа секторында бақылау орнатты. Бұдан соң Палестина президенті үкіметті таратып жіберді де, жаңа үкіметті жасақтауды парламенттің тәуелсіз депутаты Салам Фауадқа тапсырды. «Хамас» тобының саяси жетекшісі, Сирияда саяси баспанада тұратын Халид Мишәл ел президентінің өкілеттігін мойындаймыз деп мәлімдеді. "Хамас" тобы Газа секторын толық бақылап отыр, "Фатах" болса Батыс Жағалауды бақылайды.
XS
SM
MD
LG