Accessibility links

АҚШ сарбаздары Кабулда бір қарапайым адамды өлтірді


Ауған полициясының хабарлауынша, АҚШ сарбаздары Кабулда жанкештілік жарылыс болған жерде оқ атып, бір қарапайым адамды өлтірген және біреуін жаралаған. Қаладағы қылмыстық департаментінің басшысы Әли Шах Пактияуал ол атысты “қателік” деп сипаттады. Сенбі күні Кабулдың батысында бір жанкешті әскери көлікке шабуыл жасаған болатын. Оның салдарынан 4 адам қаза тауып, 5 кісі жарақат алды. Жарылысқа байланысты жауапкершілікті “Талибан” қозғалысы өз мойынына алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG